Қазақстанға соңғы 4 жылда 30 млрд теңгенің контрафактілік тауары жеткізілген – Оспанов

27 Тамыз 2021, 15:11
10108
Бөлісу:
Қазақстанға соңғы 4 жылда 30 млрд теңгенің контрафактілік тауары жеткізілген – Оспанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Kazpatent» директоры Ербол Оспанов айтты.

Жалған дәрі-дәрмектер-контрафактілік тауарлардың ең зиянды түрлерінің бірі. Соңғы жылдары бұл өнімдерді өндірудің, сатудың және тұтынудың айтарлықтай өсуі байқалды, көбінесе зиянды салдары бар, кейде өлімге әкеледі. Мысалы, 2020 жылы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тауар таңбасын пайдалана отырып, орама ыдысты қолдан жасау және жарамдылық мерзімін өзгерту жолымен дәрілік заттарды дайындау жөніндегі жерасты цехының қызметіне жол бермеді, - деді Оспанов.

Ол атағандай, бұл саладағы басымдық ретінде халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығына әсер ететін жалған өнім дайындау жөніндегі астыртын цехтар қызметінің жолын кесу айқындалды.

Жыл сайын әлем бойынша мыңдаған тұтынушы жалған тамақ сатып алады. Алдаудың негізгі механизмі-өнімді әдейі дұрыс емес таңбалау және шығарылған елді жасанды түрде асыра пайдалану. Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша соңғы төрт жылда Қазақстанға 30 миллиард теңгеден астам сомаға контрафактілік тауарлар әкелінген, - деді ол.

Ербол Оспанов атағандай, Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру әділет органдарының міндеттеріне жатады.

Контрафактіге қарсы күресте тиісті құрылымдардың, ведомстволар мен құқық иеленушілердің өзара іс-қимылы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ынтымақтастық маңызды рөл атқаратынын атап өткім келеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы