Қазақстандықтардың бәрі үй алу үшін зейнетақыларын пайдалана алмайды

18 Қараша 2019, 12:58
2614
Бөлісу:
Қазақстандықтардың бәрі үй алу үшін зейнетақыларын пайдалана алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова баспана алу үшін зейнетақы қорындағы жинағын пайдалану механизмі әлі қарастырылып жатқанын айтты. 

Қаржыгерлер қауымдастығы базасында зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты Ұлттық банкпен бірлесе тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Статистикадан  өкінішке қарай, республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік зейнетақы көлемі жыл сайын өте қарқынды өсетінін көрдік, - деді Ибрагимова Үкімет үйінде өткен брифингте. 
Оның сөзінше зейнетақы жинағын пайдалану үшін азаматтарда зейнетке шығар кезінде жалақысының 70% көлемінде зейнетақы алуға мүмкіндік беретін қажетті жинақ көлемі болуы тиіс. 
Салымшылардың аз бөлігінде ғана мұндай зейнетақы жинағы бар. Сол себепті талқыланып жатқан механизм қажетті жинақ көлемі бар салымшылардың аз бөлігіне қатысты болып отыр. Бұл мәселені нақты пысықтау үшін қосымша есептеулер жүргізіледі. Қазір барлық қазақстандыққа зейнетақы жинақтарын жұмсай беріңдер деп рұқсат берсек билікке 15-20 жылдан кейін мемлекеттік бюджеттен зейнетақы төлемдеріне қаржы сұрауға тура келеді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы