Қазақстандықтардың 67 пайызы бақытты отбасын құрған

15 Мамыр 2021, 11:44
1681
Бөлісу:
Қазақстандықтардың 67 пайызы бақытты отбасын құрған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың отбасын құру туралы әлеуметтанулық сауалнама сұрақтарына жауаптарын ұсынып отыр.

Лев Толстойдың «Өз үйіне бақытты адам – ең бақытты адам»  деген нақыл сөзін еске ала отырып, қазақстандықтардың жартысынан астамын осындай санатқа жатқызуға болатындығын атап өтеміз. Республикалық сауалнама барысында респонденттердің 67,7% бақытты отбасын құра алғандықтарын айтқан, - делінген хабарламада.

Респонденттердің тағы 24,1% әлі бақытты отбасын құрмаған, бірақ олар бұған қол жеткізе алатынына сенімді.

Бақытты отбасы құра алатындығына күмәнданатындардың үлесі 3,8% құрайды.

Қазақстандықтардың 67 пайызы бақытты отбасын құрған

Сауалнама республикалық маңызы бар З қала және 14 облыстағы 59 қалалық елдімекен және ауылдық жерде жүргізілген. Онда 18 жастағы және одан асқан 2000 респондент «Сіз бақытты отбасын құра алдыңыз ба?» деген сұраққа жауап берген.


Өзгелердің жаңалығы