Қазақстандықтар көліктерін мамандандырылған ХҚКО-ларда сақтандыра алады

8 Шілде 2021, 15:40
1454
Бөлісу:
Қазақстандықтар көліктерін мамандандырылған ХҚКО-ларда сақтандыра алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин айтты.

Мамандандырылған ХҚКО-ның басты проблемаларының бірі - белгілі бір мәселелерді шешуде өздерінің заңсыз қызметтерін мәжбүрлі түрде ұсынатын «делдалдар».

Айтуынша, әдетте олар өз қызметтерін ХҚКО-ның күту залында, автотұрақтарда, орындықтарда жүзеге асырады.

«Делдалдардың» негізгі табысы - автокөліктерге сақтандыру сату. Бұл мәселені технология арқылы да шешуге болады. Осы жылдың маусым айынан бастап Нұр-Сұлтанда пилоттық жоба іске қосылды. Онда азаматтар автокөлікті қайта тіркегеннен кейін қалауы бойынша сақтандыруды тікелей оператордан ресімдей алады, - деп айтты ол.

Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, мемлекеттік корпорация бұл сервистен кіріс алмайды, олар тек автокөлік иелері үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Табысты болған жағдайда жоба Қазақстан бойынша басқа филиалдарда ашылады. Қазіргі таңда 335 сақтандыру полюсі рәсімделді, - дейді Әбділдин брифингте.

12 шілдеден бастап пилоттық жоба Алматы қаласында басталады.



Өзгелердің жаңалығы