Қазақстандықтар көбінесе қай көлік маркасын жиі іздейтіні анықталды

20 Мамыр 2021, 16:32
2734
Бөлісу:
Қазақстандықтар көбінесе қай көлік маркасын жиі іздейтіні анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандастарымыздың сүйікті көлігі Toyota деген стереотиптерге қарамастан, автокөлік маркалары арасында қазақстандықтардың махаббатына сөзсіз ие болған Mercedes-Benz көлігі екен. Бұндай қорытындыға келмес бұрын Қазақстан тұрғындарының ғаламтордағы көлік маркаларын іздеу қарқыны жіті зерттелді.

2021 жылдың сәуір айында Қазақстанда 3,8 млн-нан астам жеңіл көлік тіркелді. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға аз. Оның ішінде жеңіл автокөліктердің 3,6 млн-ы немесе 94,5%-ы жеке тұлғаларға тиесілі (бір жылда минус 2%).

Қазақстандықтар көбінесе қай көлік маркасын жиі іздейтіні анықталды

Ел автопаркінің басым бөлігін қолданылғанына 10 жылдан асқан автокөліктер құрайды: 64,3%, былтырғымен салыстырғанда біршама аз (65%). Осындай автокөліктер саны бір жылда 3,2%-ға азайып, 2021 жылдың наурыз айының соңындағы көрсеткіш 2,5 млн-ға тең болды.

Қолданылу мерзімі 3 жылдан төмен «темір тұлпарлар» саны, керісінше, 12,1%-ға өсіп, 472 мыңға дейін жетті. Сондай-ақ қолданылу мерзімі 7-ден 10 жылға дейін жеткен көлік саны 8,1%-ға ұлғайып, 282,3 мыңды құрады.

Қазақстандықтар көбінесе қай көлік маркасын жиі іздейтіні анықталды

Қолданылу мерзімі 10 жылдан асып кеткен жеңіл автокөліктің үштен бір бөлігі Алматы облысында (382,6 мың), Алматы қаласында (245,9 мың) және ШҚО-да екен (208,1 мың).

ҚР өңірлерінде қолданылу мерзімі 10 жылдан асқан жеңіл көліктердің санын азайту шаралары жүргізілді. Дегенмен, керісінше, ескі көліктер саны көбейгені байқалатын өңірлер де бар. Мәселен Түркістан облысы мен Шымкент қаласында олардың саны сәйкесінше 58,4% және 23,5%-ға көбейіп кеткен.

Алайда бұл өңірлердегі көрсеткіштің өсімі көліктердің шынайы санымен байланысты емес. Керісінше, сонау Оңтүстік Қазақстан облысы кезіндегі көлік иелерінің ауысуымен, қайта тіркеумен байланысты.

Бұл ретте қазір бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында әліде тіркеуде тұрған жеңіл көліктер саны 13,9%-ға азайды.

Қазақстандықтар көбінесе қай көлік маркасын жиі іздейтіні анықталды

Қызық дерек: Picodi.com зерттеуіне сәйкес қазақстандықтардың Google-да жиі іздейтін көлігі - Mersedes-Benz екен. Қазақстаннан бөлек Mersedes-Benz тағы 9 елде іздеу нәтижелері бойынша көш бастап тұр.

Еуропалық интернет қолданушылар арасында бірінші орында BMW маркасы тұр. Дәл осы көлік маркасын зерттелген 45 елдің бірден 15-інде жиі іздеген екен.

Көліктердің ТОП үштігінде қазақстандық саналып кеткен Toyota да бар. Ол әлемнің 5 елінде сұранысқа ие екен.

Аталған рейтинг Google жүйесінде соңғы 4 жылда жиі ізделген 64 көлік маркаларынына деген сұранысты салыстыру негізінде жасалды.

Қазақстандықтар көбінесе қай көлік маркасын жиі іздейтіні анықталды

Өзгелердің жаңалығы