Қазақстандықтар Әлия Назарбаевадан үй алу үшін 15 млн теңге сұраған

22 Қаңтар 2021, 13:55
2046
Бөлісу:
Қазақстандықтар Әлия Назарбаевадан үй алу үшін 15 млн теңге сұраған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева күн сайын адамдардың материалдық көмек сұрауына тап болады екен. 

Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады. Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді. Мен барлық адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын. Өзім қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар. Бірақ қайырымдылықты да қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз, - дейді Әлия Назарбаева Instagram-дағы парақшасында.

Ол қор тұрғын үй мәселелерін шешпейтінін, жұмысқа орналастырмайтынын, мемлекеттік органдардың істеріне араласпайтынын айтты. 

Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді. Кейде бас тарту - ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу. Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену, - дейді Тұңғыш Президенттің кенже қызы.

Өзгелердің жаңалығы