Қазақстандық жеңіл атлетші Ташкент марафонында күміс медальға ие болды

28 Наурыз 2021, 20:50
1600
Бөлісу:
Қазақстандық жеңіл атлетші Ташкент марафонында күміс медальға ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан астанасында ІІІ халықаралық Ташкент марафоны өтті. Аталған сында қазақстандық жеңіл атлет Жанна Мамажанова күміс медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Турнир аясында 42 шақырым 195 метрлік марафон, 21 шақырым 97,5 метрлік жартылай марафон және 3 шақырымдық жарыс өтті.  Қазақстандық Жанна Мамажанова жарыс қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады.  Алтын медальді қырғызстандық Мария Коробицкая, қоланы өзбекстандық Екатерина Тунгускова еншілеген.  

Сондай-ақ, Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күні жалғасуда.  90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ислам Бозбаев бірінші кездесуін сенімді жеңіспен аяқтады. 

Ол украиналық Станислав Гунченконмен кездесіп, «иппон» әдісімен жеңіске жетті. Бозбаевтың келесі қарсыласы - канадалық Зачари Бурт.  Бұған дейін татамиге шыққан Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) түркиялық қарсыласына жол берді.

Өзгелердің жаңалығы