Қазақстандық жас спортшы әлем чемпионы атанды

3 Қыркүйек 2021, 17:38
1698
Бөлісу:
Қазақстандық жас спортшы әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушісі Борис Букатка жасөспірімдер мен юниорлар арасында пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Жарыс Румынияның Орадя қаласында өтті. Додада 33 елдің спортшылары бәсекелесті. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері , 18 жасар Борис Букатка 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Жалпы нәтижесі 540 кг құраған қарағандылық алтын алды. Ол барлық түрлер бойынша бірінші орынға ие болды: скват – 205 кг, пресс – 130 кг, дедлифт – 205 кг. Жеңімпаздың тәлімгері – Қарағанды облысының пауэрлифтингтен аға жаттықтырушысы Ирина Дейнека.

Өзгелердің жаңалығы