Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары анықталды

26 Маусым 2021, 14:07
8706
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисшілердің әйелдер арасындағы Уимблдон турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

еліміздің бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 59-орында тұрған франциялық Кристина Младеновичпен шеберлік байқасады. Рейтингте 101-сатыдағы Зарина Дияс әлемнің 61-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен кездеседі. Кеше Елена Рыбакина тартысты матчта осы А.Севастованы жеңген болатын. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.

Ерлер сайысында жеребеге сәйкес қазақстандықтар Александр Бублик пен Михаил Кукушкин өзара ойнайтын болды.

Өзгелердің жаңалығы