Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады

19 Қазан 2021, 16:50
11286
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншыларының рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлады Olympic.kz ФТК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екі саты жоғарылап, 35-ші сатыға жоғарылады. Ал Михаил Кукушкин 149-орыннан 147-орынға көтерілді. Дмитрий Попко қазір 163-ші болса, Денис Евсеев 36 сатыға көтеріліп, рейтингте  370-орынға жайғасты. Тимофей Скатов та рейтингідегі позициясын жақсартып, 269 -орынға көтерілді.

Жұптық санат бойынша Андрей Голубев 36-шы, ал Александр Недовесов 77-орынға тұрақтады.


Өзгелердің жаңалығы