Қазақстандық теннисші 22 дүркін чемпион Серена Уильямсты жеңді

6 Маусым 2021, 23:30
2127
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші  22 дүркін чемпион Серена Уильямсты жеңді
EX

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» ширек финалына жолдама алды.

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан теннистен үлкен дулыға санатындағы «Ролан Гаррос» турнирдің 1/8 финалында отандасымыз Үлкен дулыға санатындағы жарыстардың 22 дүркін чемпионы Серена Уильямсты жеңді.

Рыбакина қарсыласынан екі сетте басым түсті. Қорытынды есеп - 6:3, 7:5. Сөйтіп, Рыбакина спорттық карьерасында алғаш рет Үлкен дулыға санатындағы жарыстың ширек финалына өтті. Енді ол ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі. Қарсыласы бүгін беларусь қызы Виктория Азаренконы жеңді.

Айта кетейік, Рыбакина алғашқы айналымда рейтингте 493-орында тұрған франциялық Эльза Жакмомен кездесіп, 2 сетте жеңіске жеткен. Қорытынды есеп  6:4, 6:1. Одан кейін 1 сағат 3 минутқа созылған ойында жапониялық Нао Хибиноның осал тұсын тапты. Үшінші айналымда Рыбакинаға өзімен аттас ресейлік Елена Веснина қарсылас атанған. Алайда қазақстандық теннисшіге Весина аса қиындық тудырған жоқ. Екі сеттің қорытындысы бойынша 6:1, 6:4 есебімен қарсыласынан басым түсіп, жарысты әрі қарай жалғастырған еді.

Франция ашық біріншілігі 13 маусымға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы