Қазақстандық спортшы UFC-мен келісімшартқа отырды

31 Шілде 2019, 10:35
1696
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы UFC-мен келісімшартқа отырды

Алматы, BAQ.KZ. Жартылай орта салмақта M-1 Global чемпионы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді ұйым UFC-мен келісімшартқа отырды, деп жазды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы қазақстандық спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлім етті.

«Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа қол қойып, ең үздік ММА ұйымымен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Алғашқы жекпе-жек қараша айына жоспарланған. Шавкат UFC-дегі бірінші қазақстандық спортшы, бірақ соңғысы емес екеніне сенімдімін», - деп жазды Саят Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов наурыз айында M-1 Global чемпиондық белбеуін иемденген болатын. Әзірге ол UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық. Одан бөлек UFC-де үш жеңіске жеткен Ресейдің атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Дамир Исмағұлов бар.
Өзгелердің жаңалығы