Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

8 Желтоқсан 2021, 08:00
990
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкентте ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арли Чонтей ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды.

Ол жұлқа көтеруде 118 келіні бағындырса, серпе көтеруде 142 келіні еңсеріп, барлық қарсыластарын басып озды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Арли 260 келіні көтерді. 

Күміс медальді Таиланд, қоланы Болгария спортшысы еншіледі. 

Өзгелердің жаңалығы