Қазақстандық дәрігер Анталья бағытындағы ұшақта адам өмірін құтқарып қалды

12 Қыркүйек 2021, 11:08
3478
Бөлісу:
Қазақстандық дәрігер Анталья бағытындағы ұшақта адам өмірін құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дәрігер Анталья бағытындағы ұшақта адам өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы блогер Александр Цой facebook-тегі парақшасында жазды.

Бұл - Эльмира Әлиева. Ол 15 жылдық жұмыс өтілі бар онколог-маммолог. Сонымен қатар әдемі әйел және үш баланың анасы. 28 тамызда ол отбасымен Алматыдан Антальяға «Turkish Airline» әуекомпаниясымен ұшады. Ұшудың үшінші сағатында бортсеріктер байбалам салып, ұшқыш «бортта дәрігерлер бар ма?» деген хабарландыру жасайды. Егде жастағы отандасымыздың ауырып қалғаны айтылды. Оның жүрек соғысы жиілеп, қолдары ұйып, тұншығуы байқалған, - деді Цой.

Блогер айтқандай, Эльмира бірден көмек көрсетуге ұмтылады.

Экипажда тонометр және пульсоксиметр болған. Қысымы өте жоғары, сатурация төмен болған. Стюардессалар маскамен оттегі баллонын әкелді. Эльмира әйелге қысымды төмендетуге арналған препарат беріп, қол массажын бастайды, тыныс алу үшін цилиндрді жалғайды. Ұшудың қалған төрт сағатында науқастың қасында болады. Ұшақ жерге қонған кезде оларды жедел жәрдем күтіп тұрды. Дәрігерлер науқасты тексеріп, қауіптің өткенін анықтады. Әйелдің өзін жақсы сезінгені сонша, оған қонақүйге баруға рұқсат етілді. Біздің елімізде осындай батыр дәрігерлер бар. Батылдық пен кәсібилік үшін рахмет, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы