Қазақстандық боксшы WBO титулынан жекпе-жексіз айырылды

24 Шілде 2021, 23:30
1936
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы WBO титулынан жекпе-жексіз айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Жанқош Тұраров 6 тамызда Белфастте (Солтүстік Ирландия) өтетін бокс кешіне қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Бұл кеште Тұраров жергілікті боксшы Тайрон Маккеннаға қарсы жекпе-жекте бірінші салмақ дәрежесіндегі WBO Inter-Continental титулын қорғайды деп жоспарланған болатын.

Алайда, BoxRec мәліметінше, Маккеннаға қарсы рингке Тұраровтың орнына мексикалық Хосе Феликс шығады. Енді қазақстандыққа тиесілі болған бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental бокс титулы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Тұраров пен Маккеннаның жекпе-жегі екінші рет өтпейін деп тұр. Бастапқыда боксшылар сәуірде Дубайда рингке шығуы керек еді, бірақ бұл жекпе-жек қазақстандық спортшының коронавирус жұқтыруына байланысты тоқтатылды.


Өзгелердің жаңалығы