Алтын кен орындарының негізгі қорлары Шығыс Қазақстанда шоғырланған

20 Тамыз 2021, 13:21
6109
Бөлісу:
Алтын кен орындарының негізгі қорлары Шығыс Қазақстанда шоғырланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі айтты. Ведомство басшысы саланың маңыздылығына тоқтала отырып, халық шаруашылығын дамытуда жер қойнауының үлесі зор екенін алға тартты.

Сондай-ақ вице-министр кен орындарының негізгі қорларына да тоқталды.

Алтын кен орындарының негізгі қорлары Шығыс Қазақстан облысында – 36%, Ақмола облысында – 21%, Қарағанды облысында – 11% шоғырланған. Мыстың 82% қоры еліміздің шығыс және орталық өңірлерінде бар. Үш мыңнан астам қорғасын-мырыш кен орны және кенашылымдары, негізінен, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан, - деп атап өтті Серікқали Брекешев.

Сонымен қатар вице-министр жерасты сулары мәселесі де өзекті деп отыр. Оның айтуынша, елімізде 4 мыңға жуық кен орны есепке алынған. Оның бекітілген қоры 43 млн м3/тәулікті құрайды.

Қорлар біркелкі таралмаған. 50% оңтүстікте, 30% – орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде және 20%-дан азы батыс өңірлеріне тиесілі, - деді вице-министр.

Айта кететін жайт, қатты пайдалы қазбалардың қорын есептеу металл пайдалы қазбалардың 37 түрі және бейметаллдың 65 түрі бойынша жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы