Қазақстандағы аяқ киім өндірушілер таңбалау шығындарының 50%-ын өтеуге өтінім бере алады

8 Желтоқсан 2021, 20:28
1286
Бөлісу:
Қазақстандағы аяқ киім өндірушілер таңбалау шығындарының 50%-ын өтеуге өтінім бере алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық аяқ киім өндірушілер таңбалау шығындарының 50%-ын өтеуге өтінім бере алатынын хабарлады.

                    

Бұл үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қағидаларға сәйкес, «жеңіл өнеркәсіп субъектілерінің аяқ киім өнімін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын салуға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындары өтелуге жатады», оның ішінде:

- сәйкестендіру құралдарын сатып алуға (сатып алуға) ;

- өнімді шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын түсіру бойынша баспаханалық қызметтерді сатып алуға (сатып алуға) ;

- инженерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық жеткізгіштерді салуға арналған жабдықты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыру щшығындары.

Осылайша, өндірушілерге өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы мөлшерінде, бірақ 10 мың АЕК-тен аспайтын негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі.

Айта кетейік, шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қызметті «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ көрсетеді. Кәсіпкерлерге қызметті алу үшін ұйымның кеңсесіне жүгіну немесе www.egov.kz веб-порталы және www.qazindustry.gov.kz веб-порталы арқылы өтініш беру қажет. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 8 жұмыс күні. Қажетті құжаттар тізбесі жоғарыда аталған Қағидалардың 4-қосымшасында ұсынылған.

Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында, «QazIndustry» интернет-порталында, әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, тауарларды цифрлық таңбалау мәселелері бойынша консультациялар үшін тәулік бойы тегін «жедел желі» жұмыс істейді - 8 800 080 65 65. Сондай-ақ markirovka.kz сайтында таңбалау бойынша пайдалы ақпарат орналасқан.


Өзгелердің жаңалығы