Қазақстанда жыл басынан 2 млн тоннаға жуық бензин өндірілді

13 Маусым 2021, 22:47
2086
Бөлісу:
Қазақстанда жыл басынан 2 млн тоннаға жуық бензин өндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жыл басынан бері Қазақстанда көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеген. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.


2021 жылғы қаңтар-мамырда 2020 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда тамақ өнімдерінің, сусын, темекі, резеңке және пластмасса бұйымдарының, өзге де бейметалл минералдық өнімдерінің, химия және фармацевтика өнімдерінің, металлургия өнеркәсіптерінің және машина жасау өндірісінің өсуі байқалды. Көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді, - делінген хабарламада. 

Жалпы, өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі республиканың 14 өңірінде артқан. Статистикалық мәліметке сәйкес, биылғы қаңтар-мамырда Қазақстанда өндірілді: - 1,9 млн тонна бензин (былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда 104,4 пайыз), - 35,4 млн тонна мұнай мен газ конденсаты (92,2 пайыз), - 52,5 млн тонна мыс кендері (118,2 пайыз), - 1,3 млн тонна ұн (109,0 пайыз), - 1,9 млн тонна дизельдік отын (105,4 пайыз), - 48,9 млрд кВт. сағат электр энергиясы (105,5 пайыз).

Өзгелердің жаңалығы