Қазақстанда Ұлы көшке арналған атаулы күн енгізілуі мүмкін

16 Қараша 2021, 16:47
1129
Бөлісу:
Қазақстанда Ұлы көшке арналған атаулы күн енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Қандастырымыздың өз Отанына оралу туралы Елбасы бірқатар маңызды тарихи маңызды шешім қабылдаған еді. Ұлы көш 1991 жылы басталды. Оған Елбасының тапсырамасымен қабылданған Қазақ КСР министрлер кабинеті қабылдаған 711 қаулы ресми түрде жол ашты. Бұл құжат 1991 жылдың 18 қарашасында қабылданды. Көп ұзамай Елбасы алыста жүрген ағайынға «Ақ тілек» атты жолдауын жариялап, шеттегі қандастарды елге шақырды. Соның нәтижесінде 1500 млн-нан астам қандас Отанға оралды, - деді ол.

Тоқаев бүгінде олар егемен елімізді өркендетуге өз үлесін қосып жатқанын айтты.

Оның ішінде Ауыт Мұқибек пен басқа қоғам қайраткерлері Ұлы көштің тарихи рөлін ескеріп, арнайы күн керегін айтып жүр. Үкіметке бұл тарихи датаны атаулы күндер тізіміне қосуды қарастырып, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы