Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейтіледі

25 Ақпан 2021, 12:39
3386
Бөлісу:
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-ші отырысында айтты. 

Президент жыл сайын елімізде 2,5 мың әйелдерге қатысты іс тіркелетінін айтты. 

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуы мен отбасы институтына теріс әсер етеді. Бұл мәселенің шешімін тек мемлекеттік орган және үкіметтік емес ұйымдардың біріккен күші аясында табуға болады. Бұл  жерде негізгі рөлді  1999 жылы құрылған Ішкі істер министрлігінің әйелдер мен балаларды зорлық-зомблықтан қорғау бөлімшесі атқарады, - деді Тоқаев.  

Президент олар полиция мен азаматтық қоғаммен байланыстағы тиімді рөл атқаруы керегін айтты. 

Өз кезінде олардың штаттық құрамы тұрмыстық зорлық-зомбылық белең алып тұрған өңірлерде 50 пайызға дейін қысқарып қалды. Мен ішкі істер министрлігіне әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау тобының арнайы бөлімінің штатын қалыпқа келтіруді тапсырамын. Ұлттық кеңес мүшесі әрі заңгер Айгүл Орынбек зорлық-зомбылыққа қатысты істерді тергейтін әйел тергеушілердің арнайы тармағын енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, бұл құрбан болғандарға қатысты мәселенің дерексіздігінің алдын алады, - деді Тоқаев. 

Сондай-ақ Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейту бойынша ұсыныс алғанын айтты. 

Рақым Ошақбаев маған қоғам қайраткерлері мен заңгерлердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейту бойынша үндеуін жеткізді. Бұл бастаманы талқылап, заңнамалық тұрғыда шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен жөн, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы