Қазақстанда сыртқы сауда көлемі артты

12 Тамыз 2021, 12:10
7437
Бөлісу:
Қазақстанда сыртқы сауда көлемі артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова министрліктің биылғы 1-жартыжылдық қызметіне берілген есеп беру алқасында хабарлады. 

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық сауда әріптестермен тауар көлемі барынша артқан.

Әлем экономикасындағы жағымсыз үрдіске қарамастан биылғы бірінші жартыжылдық еліміздің сыртқы саудасына оң серпін әкелген көрінеді.

Қазақстанда сыртқы сауда айналымы 2021 жылғы бес ай ішінде 36,4 млрд долларды құрады. Осы орайда, экспорт 5,5%-ға қысқарып, 22,9 млрд долларды көрсетті. Айта кететін жайт, шикізаттық емес тауар экспорты өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, 7,2 млрд АҚШ долларына жеткен. Ал аталған кезең ішінде импорт 12%-ға өсіп, 14,7 млрд АҚШ долларына тең болды, - деді ведомство басшысы.

Вице-министр негізінен шикізаттық тауардың импорты 1,2 млрд АҚШ долларын құрап, 7%-ға артқанын атап өтті.

Негізінен барлық сауда әріптестерімен – ЕАЭО, ТМД мемлекеттері, Қытай, Германия, Испания және басқа елдерде сауда көлемінде айтарлықтай өсім байқалады. Сауда айналымдағы ерекше рөлді ЕАЭО мүше мемлекеттер иеленіп отыр. Өйткені ЕАЭО елдеріне біз 2,8 млрд АҚШ долларына тең өнімді экспорттадық. Бұл өткен жылғы экспортпен салыстырғанда 36%-ға көп, - деді вице-министр.

Негізгі өсім шикізаттық емес тауарларды экспорттау есебінен орын алып отыр. ЕАЭО елдеріне шикізаттық емес тауарларды экспорттау 1,7 млрд АҚШ долларын құрап, өсім 50%-ға жеткен.

Өзгелердің жаңалығы