Қазақстанда педофилдерге электронды білезік қашан қолданылатыны белгілі болды

8 Қараша 2021, 12:09
1067
Бөлісу:
Қазақстанда педофилдерге электронды білезік қашан қолданылатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте «Үкімет сағатында» Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде педофилдерге электронды білезік қашан қолданылатынын айтты.

Қазақстанда жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, жазалау мерзімі ұлғайтылды. Бұл қылмыстар үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шаралары қолданылмайды, сондай-ақ олар кешірілмейді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған барлық педофилдер арнайы профилактикалық есепке алынады. Ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды білезіктерді қолдану бірінші кезекте соларға қатысты болады, - деп айтты Ерлан Тұрғымбаев.

Оның сөзінше, бұл бірінші кезекте қадағалаудағы педофилдерге қатысты қолданылады.

Бұл есепке алынғандарға қашықтан бақылауды қамтамасыз етуге және белгіленген талаптардың бұзылуына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы