Қазақстанда өнімдер халықаралық талаптарға сай стандартталады

13 Мамыр 2021, 13:23
1222
Бөлісу:
Қазақстанда  өнімдер халықаралық талаптарға сай стандартталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бірегей сынақ орталығының ресми ашылуында белгілі болды.

Электроника бұйымдарын өндіретін компанияның менеджері Әбілқайыр Олжабаевтың айтуынша, қазір сынақ зертханасында олардың өнімдері тексеріліп жатыр.

Қазіргі таңда біз компанияны цифрландыру стратегиясы аясында электроника бөлшектерін өндіріп жатырмыз. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан жеке меншік өндірушілерге үлкен көмек болып жатыр. «Қазстандарт» өздерінің заманауи зертханасын ашып жатыр. Біздің өнімдер қазір тексеріліп жатыр. Жоғары деңгейдегі сапаны көрсете аламыз деп ойлаймын. Оның ішінде радиостанциялар мен кішігірім ұшақтар, электроникалық заттар, газдық есептеуіштер бар, - деді Олжабаев.
Оның айтуынша, қазір сынақтар аяқталуға жақындап қалды.
Тексерістен өткен соң бізге сертификат беріледі. Отандық өнімнің басқа елдерге қарағанда сапалы екенін көрсете аламыз. Ал егер сынақтан өтпей қалатын болса, қайтадан алып жетілдіретін боламыз, - деді ол.

Олжабаев айтқандай, олардың компаниясы жақында ғана ашылды.

Біздің бағымызға орай, осы сынақ орталығы ашылды. Ал егер зертхана болмаған жағдайда, Ресейге апарып электр магниттік тексерістен өтетін едік. Ол жаққа жеткізудің өзі көп қаржыны қажет ететін еді. Осы жердегі сертификатпен біз өнімді шетелге де шығара аламыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы