Қазақстанда өңірлер бойынша ауқымды халықаралық блог-тур өтеді

15 Тамыз 2019, 21:26
2006
Бөлісу:
Қазақстанда өңірлер бойынша ауқымды халықаралық блог-тур өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.17 - 23 тамыз аралығында "Қазақстанды таңы" жобасы аясында тревел-блогерлер ретінде кеңінен танымал және мыңдаған жазылушы аудиториялары қалыптасқан 35 шетелдік блогерлердің қатысуымен халықаралық блог-тур өтеді, деп хабаралды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"Жобаға қатысу үшін Қазақстанға Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Италия, Ресей, Таиланд, Үндістан, Греция, Канада, Оңтүстік Корея, Түркия, Филиппин және Канададан видеоблогерлер келеді. Олар біздің елдің блогерлерімен бірге тарихы тереңге жайылған көрікті жерлерді көріп, табиғаты таңғажайып мекендермен танысу үшін еліміздің аймақтарын аралап 5 күндік турнэге аттанады", - делінген таратылған ақпаратта.

Блог-тур Қазақстан өңірлерінде 5 бағыт бойынша ұйымдастырылады:

1-бағыт: Аумағы 440 шақырымды құратын Шығыс Қазақстан облысы бойынша өтеді. Блогерлер: Рахман қайнарлары, Радостный асуы, Брел қорғандары, Катон-Қарағай ауданы, «Косы Вероники» сарқырамасы, Зырян және Осиновка асуында болады.

2- бағыт: Түркістан облысындағы сәулет ескерткіштеріне арналады. Түркістандағы Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, Отырар мен Сауран ежелгі қалашығы, сондай-ақ Ақсу Жабағылы қорығында болады.

3- бағыт: Орталық Қазақстан бойынша."Бурабай" ұлттық табиғи паркі, "Ботай-Бурабай" ашық аспан астындағы мұражайы, "АЛЖИР" мұражайы, Нұр-сұлтан қаласына саяхат жасайды.

4- бағыт: Батыс Қазақстан облысы бойынша. Маршрут аясында Ақтау, Бозжыра шатқалдары мен алқабы, Кендірлі, Тоқмақ мысы, Қарақие және Түйеске барады.

5- бағыт: Алматы және Алматы облысы бойынша. Блогерлер Алматы, Үлкен Алматы Өзені, Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, Таңбалы тас және Алтын Емелге барады.

Блог-турдың қорытындысы бойынша блогерлер Қазақстан бойынша саяхат туралы бейне шолу жасап, YouTube-тағы өз арналарына орналастырады.

"Тур аяқталғаннан кейін блогерлер 24-25 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Қазақстанды таңы" атты халықаралық блогерлер форумына қатысады. Форум барысында қатысушылар үшін супер-ақпараттық және пайдалы мастер-кластар ұйымдастырылады, онда олар блогингті дамытуға арналған барлық ерекшеліктері туралы біледі. Олар: "Тревел блогинг", "YouTube-блогер профилін дамыту /ЛОМ", "Бизнес-блогинг", "Instagram-блогер профилін дамыту / ЛОМ", "Qazaq Instagram" және басқалар. Сонымен қатар, жаттықтырушылар Instagram және Youtube блогерлердің профильдерін қалай дамыту және сапалы мультимедиялық контент құру туралы білімдерімен бөліседі",- делінген таратылған ақпаратта.

Іс-шараны ұйымдастырушылар "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "A kind heart" ҚБ.

Жоба Қазақстандағы жастар жылы аясында жүзеге асырылуда және дарынды жастарға көмектесу, елдегі туризм мен бейнеблоггингті дамытуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы