Қазақстанда мал шаруашылығының өсімі байқалады – АШМ

2 Қараша 2021, 14:42
868
Бөлісу:
Қазақстанда мал шаруашылығының өсімі байқалады – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 айда мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2 244,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,7%-ға жоғары, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мал шаруашылығының өсуі 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда республиканың 10 өңірінде байқалды.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санатында ірі қара мал саны 4,7%-ға ұлғайды.

Бұл кезеңде шаруашылықтардағы сою көлемі мал мен құстың барлық түрін союға өткізу 844,0 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға көп.

Осы ретте сиыр еті өндірісі 4,9%-ға - 361,3 мың тоннаға дейін, қой еті 1,6%-ға - 101,6 мың тоннаға дейін, жылқы еті 6,2%-ға - 97,6 мың тоннаға дейін, құс еті 21,3%-ға - 208,5 мың тоннаға дейін ұлғайды. Шошқа еті өндірісі барлық өңірде 3,6%-ға - 56,8 мың тоннаға дейін төмендеді, - деп хабарлады АШМ.

Сүт бойынша импорт алмастыруды төмендету және сүт өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша 3 өнеркәсіптік сүт-тауар фермасы (Ақмола, Қостанай, СҚО) және 10 отбасылық сүт-тауар фермасы (Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар, СҚО, Шымкент қаласы) пайдалануға берілді.

2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, республикаға асыл тұқымды 15 498 бас ірі қара әкелінді, оның ішінде сүтті тұқымдар – 1 735 бас, сүтті-етті – 3 611 бас, етті тұқымдар – 10 152 бас.

Елдегі жағдай бойынша жүргізілетін ай сайынғы мониторинг негізінде айтар болсақ, барлығы 507 бордақылау алаңы жұмыс істейді, олардың өндірістік қуаты орта есеппен 50-ден 10,0 мыңнан астам мал орнына дейін және жиынтық қуаты 389,2 мың мал орнына дейін сараланады, - делінген ақпаратта.

Өндірістік қуаттылықтар бойынша үздік үш өңір бар: БҚО - 58,2 мың мал орны, Түркістан облысы - 46,4 мың мал орны және Алматы облысы - 40,0 мың мал орны, олардың үлес салмағы жиынтығында 37%-ды (144,6 мың мал орны) құрайды.

Бүгінгі күні бордақылау алаңдарының нақты жүктемесі 35%-ды құрайды. Осы жылдың басынан бастап бордақылауға 134,0 мың бас бұқа түсті. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы