Қазақстанда «цифрлы ХҚКО» іске қосылады

29 Қазан 2021, 13:14
45193
Бөлісу:
Қазақстанда «цифрлы ХҚКО» іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қалай өзгеретінін айтты.

ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді жылдам және сапалы алу мақсатында «цифрлы ХҚКО», яғни видео ХҚКО қосылады. Яғни кез келген азамат мүмкіндігіне не белгілі бір жағдайларға байланысты цифрлы технологияларды қолдана алмаса, онда ол «мобильді ХҚКО-ны» смартфонына жүктеп, видеобайланыс арқылы шығып, қызметті алатындай жасаймыз, - дейді Бағдат Мусин ОКҚ-да.

Цифрлық даму министрінің сөзінше, ХҚКО сервистік модельге көшіріледі.

Яғни бүгінгі таңда ХҚКО-дағы операторлар халыққа қызмет көрсетеді, бірақ енді халық орталыққа келгенде операторлар оларға цифрлық технологияларға бейімдеу бойынша консультация береді, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы