Қазақстанда бір айда 800 мыңнан астам құс қырылып қалды

20 Қазан 2020, 09:44
1166
Бөлісу:
Қазақстанда бір айда 800 мыңнан астам құс қырылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Құс тұмауынан елімізде 873,9 мың құс қырылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.

Қазақстанға құс тұмауы 2005 жылы келген.

2020 жылғы 22 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде 7 облыста құстардың өлім-жітімі тіркелді. Жеке аулаларда 26,5 мың құс, 3 құс фермасында 847,4 бас қырылды. Жалпы, құс тұмауынан барлығы 873,9 мың құс қырылып, бұл еліміздегі құстардың 1,9 пайызын құрайды, - деді Сапархан Омаров. 

Оның айтуынша, құстар қырыла басталған сәттен бастап министрлік жанынан және өңірлерде жедел штаб құрылған. Штабтардың отырыстары күнделікті өткізіліп жатыр екен. 

Инфекцияның әр ошағы карантинге қойылып, құстарды және құс шаруашылығы өнімін әкелуге немесе әкетуге тыйым салынды. Инфекция ошағын жоя отырып және дезинфекция жүргізе отырып, оқшаулау және жою шаралары жүргізіліп жатыр. Буферлік аймақ құру үшін жабайы құстардың ұшып келу жолында үй құстарын мәжбүрлеп вакциналау үшін ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан 4,4 миллион доза көлемінде құс тұмауына қарсы вакцина бөлінді, - деді министр.

Осы күні 7 облыстағы жеке аулаларда құстардың өлім-жітімі тоқтатылған, 3 құс фермасында құстардың қырылуы азайыпты.

Өзгелердің жаңалығы