Автокөліктердің мемлекеттік нөмірлері. Жоғалған кезде алу және қалпына келтіру тәртібі

16 Мамыр 2021, 12:33
2611
Бөлісу:
Автокөліктердің мемлекеттік нөмірлері. Жоғалған кезде алу және қалпына келтіру тәртібі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автокөліктің мемлекеттік нөмірін алу тәртібі жайлы «Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының» egov.kz парақшасында жазылды. 

Көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі – Қазақстандағы әр көлік құралының міндетті белгісі. 2012 жылдан бастап жаңа үлгідегі МТНБ беру халықаралық стандарт нөмірлерінің негізінде басталды. Ескі үлгідегі нөмір белгілерін беру тоқтатылған, алайда нөмірлерді міндетті ауыстыру талап етілмейді. Жаңа үлгідегі нөмірлер олар толық тозғанға дейін пайдаланылатын болады.

Автоға мемлекеттік нөмірді қалай алуға болады?

Автокөлікті сатып алуда, рәсімдеуде немесе қайта рәсімдеуде әр кезең өте маңызды, оның соңғыларының бірі автоға мемлекеттік нөмірлерді алу болып табылады. Мемлекеттік нөмірді қалай дұрыс алу керек және қажетті құжаттарды жинауда өз уақытыңызды үнемдеудің неғұрлым қолайлы тәсіл туралы аталмыш мақалада білесіз.

Автокөлікке нөмірлер алу үшін Сізге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның филиалына жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар: -Жеке басты куәландыратын құжат . -Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжат. -Тіркеу туралы куәлік ТС (техпаспорт) -Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ), «Транзит» белгілері және кері шығару туралы міндеттемемен Қазақстан Республикасына енгізілген көлік құралдарының тіркеу құжаттары. -Меншік құқығын растайтын келісімшарт (мәміле шарты, мәміленің жазбаша нысаны және т.б.).

Мемлекеттік баж 

Тіркеу үшін алым - 0,25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) (Қазақстан Республикасында КҚ алғашқы тіркеу жағдайларынан басқа);
Көлік құралын тіркеу туралы куәлік үшін-1,25 АЕК;

МТНБ үшін:

Автомобильге - 2,8 АЕК, мотоциклге және тіркемеге - 1,4 АЕК,
транзит - 0,35 АЕК.

Егер сіз автоға мемлекеттік нөмірді жоғалтсаңыз

Мемлекеттік нөмірді жоғалтқан ауданда сізге табылғандар бюросына жүгіну қажет.

Әрі қарай, егер Сіздің мемнөміріңіз табылмаса, онда Сізге жаңа МТНБ алу үшін мемнөмірді жоғалту туралы ерікті түрде өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарына жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар: -Жеке басты куәландыратын құжат (+ көшірме) -ТҚ тіркеу туралы куәлік (техпаспорт). -Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар (+ көшірме).

Өзгелердің жаңалығы