Қазақстанда ақылы жолдардың төлемі өзгерген жоқ

3 Маусым 2021, 14:34
2062
Бөлісу:
Қазақстанда ақылы жолдардың төлемі өзгерген жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақылы жолдар төлемі 2013 жылы «Астана-Щучинск» жолында алғашқы ақылы жүйе енгізілгенде Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан бекітілген, содан бері өзгерген жоқ. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар төрт учаске бойынша ғана төлем алынатындығын айта кету керек. Төлем мөлшерлемесі көлік құралының жүк көтергіштігіне негізделе есептеледі. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ақылы жолдар төлемі төмендегідей:

- жеңіл автокөліктерге 1шақырым үшін 1 теңге. Бұл ретте жергілікті жеңіл көлік үшін құны 1 000 теңгені құрайтын бір жылдық абонемент қарастырылған;
- автобустар үшін отырғызу орындарының санына байланысты бір шақырымға 5-тен 15 теңгеге дейін. Ал қалааралық және жергілікті рейстік автобустар төлемнен босатылған.
- жүк көтергіштігіне байланысты жүк автокөліктері үшін бір шақырымға 5 теңгеден 25 теңгеге дейін.

Автожолдардың жаңа учаскелерінде ақылы жүйені енгізу бойынша алыс жолға шығатын жүргізушілердің наразылығы да назардан тыс қалған жоқ. Министр бұл мәселе соңғы 2 жыл ішінде «Атамекен» ҰКП-мен, қоғамдық ұйымдармен, оның ішінде Қазақстанның тасымалдаушылар одақтарымен – «ҚазАТО» және Казлогистикс қауымдастықтарымен бірлесіп талқыланғанын атап өтті. Оны шешу үшін министрлік, «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ, «Атамекен» ҰКП және Казлогистикс өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні жоғарыда аталған ведомстволар барлық қызығушылық танытқан тұлғалардың ұсыныстарын жинауда. Ұсыныстар толық жиналғаннан кейін, жаңа учаскелерде ақылы жүйені енгізу туралы және төлем мөлшерлемелері туралы бұйрықтардың жобалары қаралатын болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы