Қазақстанда 7 миллионнан астам адам COVID-ке қарсы вакцина алды

14 Шілде 2021, 17:00
4723
Бөлісу:
Қазақстанда 7 миллионнан астам адам COVID-ке қарсы вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында белгілі болды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күні елімізде 7,1 млн адам вакцина салдырған.

Оның ішінде І компонентті 4 601 830 адам салдырған, бұл тиісті халықтың 46,5%-ын құрайды. Ал ІІ компонентті 2 541 853 адам салдырып үлгеріпті.

Вакцинациялау – вирустың таралуын азайтудың және бұрынғы өмір салтына, жұмысқа, қарым-қатынасқа, отбасылық дәстүрге және саяхатқа оралудың жалғыз тәсілі, - деді Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Роза Қожапова.

Оның айтуынша, егу пункттерінде вакцинаның саны жеткілікті көрінеді. І компоненттің 753 мың және ІІ компоненттің 1 млн 280 мың дозасы бар. Қазақстанда қазіргі кезде негізінен COVID-19-ға қарсы 2 вакцина – Спутник V немесе Гам-Ковид-Вак, QazVac пайдаланылады. Бірқатар өңірлерде аз мөлшерде Hayat-Vax SARS-CoV-2 және CoronaVac салынады.

Тәулік сайын республика бойынша орта есеппен 80-100 мың адам екпе алады.

Өзгелердің жаңалығы