Қазақстан ядролық қарудан азат аймақтағы төрағалығын аяқтады

25 Қараша 2020, 22:22
1564
Бөлісу:
Қазақстан ядролық қарудан азат аймақтағы төрағалығын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкек қаласында бейнебайланыс форматында сыртқы саяси ведомстволарының бейінді департамент директорлары деңгейінде Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартының (ОАЯҚААШ) кезекті жыл сайынғы консультативтік кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның делегациясы ОАЯҚАА-дағы 2019-2020 жж. төрағасы ретіндегі атқарылған жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті. 

ОАЯҚАА-ның одан әрі институционализациялануы және ядролық қарусыз аймақтардың өзара әрекеттесуін белсендету, сондай-ақ ядролық қарусыздану және таратпау ісіндегі күш-жігерін біріктірудің ерекше маңыздылығы атап өтілді. Қазақстан тарапы Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартының 2021 жылғы 22 қаңтарда күшіне енетіні туралы хабардар етіп, ОАЯҚАА бойынша серіктестерін оған қосылуға шақырды.

Іс-шара қатысушылары мүше-мемлекеттердің ОАЯҚАА шеңберіндегі нәтижелі қызметін белгілеп, алдағы 2021 жылы Ядролық қарудан азат аймақтар және Моңғолияның Төртінші конференциясы мен Ядролық қаруды таратпау туралы шартының Шолу конференциясында бірлескен бастамаларды ілгерілету бойынша жоспарларын талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар ОАЯҚАА-ның Атом энергиясы бойынша Африкалық комиссиясымен және Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ядролық қаруға тыйым салу Агенттігімен ынтымақтастық келешегін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы