Қазақстан World Logistics Passport бағдарламасында Орталық Азия үшін хабқа айналды

20 Желтоқсан 2020, 21:55
1634
Бөлісу:
Қазақстан World Logistics Passport бағдарламасында Орталық Азия үшін хабқа айналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Dubai Ports World Бас атқарушы директоры, Дубай теңіз порттары, кеден және еркін аймақ корпорациясының төрағасы Сұлтан Ахмед бен Сүлеймен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан World Logistics Passport бағдарламасында Орталық Азия үшін хабқа айналды

Қазақстан дамушы нарықтар арасындағы сауда мүмкіндіктерін кеңейту үшін құрылған ірі бастамаға World Logistics Passport (WLP) қосылды. Бастама қазіргі уақытта дамушы нарықтар арасындағы сауданың өсуін шектейтін логистиканың тиімсіздігі сияқты сауда кедергілерін еңсеруді көздейді. Бұл қолданыстағы сауда бағыттарын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар логистикалық және сауда компанияларына адалдық бағдарламасы арқылы жаңаларын жасайды. Осылайша әлем өңірлерінің қолданыстағы өнімдерінің саудасын әртараптандыруға және басқа дамушы елдер арасында негізгі тауарлардың нарықтық үлесін арттыруға ықпал етеді.

2019 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеп келе жатқан жоба қатысушылардың саудасын 10 процентке арттырды.

Қазақстаннан басқа World Logistics Passport бағдарламасында Өңірлік хабтар және WLP серіктестері ретінде Колумбия, Сенегал, Бразилия, Уругвай, Таиланд және Оңтүстік Африка да тіркелген. Тағы 8 ел WLP интеграциясына дайындықтан өтуде.

WLP-ге қосылу Қазақстанның Еуропа, Қытай елдерімен және Латын Америкасы мен Африканың өркендеп келе жатқан нарықтарымен өзара саудасын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, World Logistics Passport мүшелігі Қазақстанның БАӘ-мен және WLP сауда тораптарымен екіжақты қарым-қатынасы мен саудасын үйлесімді түрде толықтырады.

Қазақстан World Logistics Passport бағдарламасында Орталық Азия үшін хабқа айналды

«Қазақстан» Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен World Logistics Passport арасындағы байланыстырушы буын бола алады. Бұл еліміздің барлық транзиттік әлеуетін аша отырып, көлік және логистика саласында жаңа мүмкіндіктер ашады, - деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Қазақстанның негізгі логистикалық хабы Алматы болмақ. Қаланың стратегиялық орналасуы Қазақстанның Қытай мен Еуропа арасындағы сауда үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Алматы, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты өңірдегі нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді және осы нарықтар мен World Logistics Passport әріптестері арасындағы шлюз бола алады. Алматы әуежайы әлемдік деңгейдегі қызметтердің кең спектрін ұсынатын авиахабқа айналады, - деді ҚР Сауда және интеграция министрі.

Өзгелердің жаңалығы