Қазақстан UEFA кезінде Литвадан ұтылып қалды

19 Қараша 2020, 02:15
1072
Бөлісу:
Қазақстан UEFA кезінде Литвадан ұтылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UEFA Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Литва құрамалары арасындағы кездесу аяқталды.

Бүгінгі кездесу қос құрама үшін де маңызы зор болды. Жеңгені өз тобында үшінші орынға тұрақтап, алдағы уақытта С лигасында ойнау мүмкіндігін сақтап қалатын еді. Жеңілгені дүбірлі доданың келесі жарысында D лигасына төмендейтін қос құраманың қатарына қосылуы мүмкін. Айта кетелік, С лигасында өз тобында төртінші орынды місе тұтқан төрт құрама жеребе арқылы екі жұп құрайды. Бұл жұптарда жеңілгені төменгі лигаға түсіп қалады. 

Ойын қазақстандықтар үшін сәтті басталған еді. Кездесудің 38-минутында қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов есеп ашты. Ал 40-минутта оған литвалық Модестас Воробьёвас бір голмен жауап қайырды. Есеп 1:1. Бірінші кезең осы есеппен аяқталды. 

Екінші кезеңде алаң иелері тағы да гол соғуға ұмтылды. Дегенмен көздеген мақсатына жете алған жоқ. Есесіне 94-минутта литвалық Арвидас Новиковас қорытынды есепті белгіледі. Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Өзгелердің жаңалығы