Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін қолайлы климат қалыптастыруда

27 Мамыр 2021, 16:51
4532
Бөлісу:
Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін қолайлы климат қалыптастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен өткен Қазақстанның инвестициялық климатты пен халықаралық іскерлікті жақсартуға арналған онлайн брифингі барысында айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін қолайлы климат қалыптастыруға және олардың құқығын қорғауға негіз болатын үлкен заңнамалық институттың даму жолын бастан кешірді. 

Бұған Қазақстанға көптеген ірі шетелдік компанияның келіп, мұнда үлкен инвестициялар салып, ұзақмерзімді жұмыс істеп жатқаны мысал бола алады, - деді ол.

Оның айтуынша, заңнамалық институттың дамуы Қазақстан тарапынан арбитраждық жағдайлардың төмендеуімен байланысты.

Біз мұны мақтан тұтамыз. Дүниежүзілік банктің соңғы мәліметтері біздің бизнеске жасаған қолайлы орта бойынша жетістігіміздің дәлелі. 2016 жылы біз «Арбитраж туралы» заң қабылдадық. Онда арбитраждық жағдайларды реттеу туралы талаптар енгізілді. Заң халықаралық арбитражға қатысты заңнамалар мен нормаларына сай. Қазақстан отандық және шетелдік инвесторларға қолайлы бизнес орта жасау жолында әлі де әрекет етуде. Астана халықаралық қаржы орталығының құрылуы соның бір көрінісі, - деді ол.

Министрдің айтуынша, орталықтың өзінің соты мен халықаралық арбитраж орталығы бар. Сот халықаралық заң талаптары негізінде жұмыс істейді.

Халықаралық арбитраж орталығы халықаралық талаптарға сай тәуелсіз экономикалық шешімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қазіргі күні халықаралық арбитраж орталығында 430 арбитраж тіркелді.

Бүгінгі кездесуіміз халықаралық дауларды шешудің баламалы жолдарын талқылауға негіз болады деген ойдамын және халықаралық сарапшылардың пікірі біз үшін маңызды. Қазақстан халықаралық дауларды шешуде тиімді механизмдердің қолдану мен оны қалыптастыруды қолдайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы