Қазақстан шетелде әскери дәрігерлер даярлайды

11 Қараша 2020, 20:38
2273
Бөлісу:
Қазақстан шетелде әскери дәрігерлер даярлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президент 2020 жылғы Жолдауында Үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді болжамын жасауды тапсырды.

Аталмыш талап кадрлық және материалдық-техникалық мәселелерді қозғаған коронавирустық инфекцияның таралу қаупімен байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қорғаныс Министрлігі әскери-медициналық бейіндегі мамандарды даярлау жоспарларын қайта қарады.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары «әскери істегі логистика» мамандығы, «медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» біліктілікілігі бойынша және Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттары «әскери медицина» мамандығы мен «әскери дәрігер» біліктілігі бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде және М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде білім алуда.

Биыл Құрлық әскерлерінің Әскери институтын 9 адам аяқтады. 2021 жылы – 11 адамды, 2022 жылы – 12 маманды даярлау жоспарларынуда. Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты 15 лейтенантты дайындады, олар одан әрі интернатурада  оқудан өтетін  болады. 2021 жылы 23 маманды шығару жоспарлануда.

Медицина мамандарын даярлау Ресей, Армения, Түркия және Қытай елдеріндегі әскери жоғары оқу орындарында жүзеге асырылуда.

Медициналық көмекті ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымды құруға және нығайтуға баса назар аударылуда. Ол әскери емхананы, әскери медицина орталығын, санитарлық-эпидемиологиялық мекемені, медициналық жабдықтау мекемесін, республикалық және облыстық ғылыми емдеу-диагностикалық орталықтарды қамтуы тиіс, сондай-ақ жоғары консультативтік топтың болуы қажет.

Қазіргі таңда шетелдегі әскери жоғарғы оқу орындарында 28 адам білім алуда. Санкт-Петербуг қаласындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің К.С Киров атындағы әскери-медициналық академияда 9 курсант пен 7 офицер «құрлықтағы әскерлерді емдеу ісі», «авиациядағы емдеу ісі» және «әскерлерді медициналық қамтамасыз ету» және «клиникалық медицина» мамандықтары бойынша білім алуда.

Ереван мемлекеттік медицина университетіндегі әскери-медициналық факультетте «әскери-далалық хирургия» мамандығы бойынша 3 курсант оқиды. Түркияның «Гүлхане» Әскери-медициналық академиясында «жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша 7 курсант, Шанхайдағы Қытай Әскери-медициналық университетінде «клиникалық медицина» мамандығы бойынша 2 курсант білім алуда.

Санкт-Петербуг қаласындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің К.С Киров атындағы әскери-медициналық академиясына 35 мамандық бойынша 67 адам курстық даярлыққа жіберілетін болады. Ереван мемлекеттік медицина университетінде «Әскери-далалық хирургия» мамандығы бойынша  әскери-медициналық факультетте 5 курсант оқыту жоспарланған. Ал бір курсант Түркияға жіберілетін болады.

Сондай-ақ, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген әскери қызметшілерді түрлі медициналық бейіндік мамандықтар бойынша курстық даярлыққа жіберу мәселесі қарастырылуда.

Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаменті шет мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарымен қазақстандық әскери қызметшілерге квота бөлу туралы мәселені шешуде.

Өзгелердің жаңалығы