Қазақстан Орталық Азияда ҮЕҰ-ны тіркеу бойынша көш бастап тұр – Тілепов

22 Сәуір 2021, 12:41
3222
Бөлісу:
Қазақстан Орталық Азияда ҮЕҰ-ны тіркеу бойынша көш бастап тұр – Тілепов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту мәселелері туралы өткен брифингте айтты.

Орталық Азия елдері ішінде үкіметтік емес ұйымдар ең көп тіркелген ел – Қазақстан. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде үкіметтік емес ұйымдардың саны 100-ден 22 мыға артқан. Оның 5 мыңнан астамы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бойынша мемлекетке сенімді серіктестік болып отыр, - деді Тілепов.

Ол атағандай, ең бастысы оларға қолайлы жағдай жасап, бастамаларды қолдап отыру қажет.

Бұл саладағы барлық мәселені бір мезетте шешіп тастау мүмкін емес. Өткен жылы Президенттің Жарлығымен алдағы 10 жылға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы мен оған тиісті іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Ол саны мен сапасы жағынан ауқымды құжаттарды біріктіретін 2 кезеңнен тұрады, - деді Тілепов.

Ол атағандай, биылдан бастап елімізде жұмыс істеп жатқан 237 және оған қосымша құрылатын 13 қоғамдық кеңестердің өкілеттерін арттыратын заңнамалық құжаттар күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы