Қазақстан Орта Азия елдері арасында көшбасшы ел ретінде танылды

30 Қаңтар 2021, 07:25
2448
Бөлісу:
Қазақстан Орта Азия елдері арасында көшбасшы ел ретінде танылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жемқорлықты еңсеру бойынша әлемдік рейтингіде Қазақстан Орта Азия елдері арасында көшбасшы ел ретінде танылды. 

Transparency Kazakhstan дүниежүзілік жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жасаған рейтингісі бойынша еліміз 2020 жылы алғаш рет 38 балл жинап әлем елдері арасынан 94-орынға жайғасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Былтыр дәл осы рейтингте 113-ші орында болған еді. Қазақстаннан кейін тізімге Сербия, Түркия, Армения, Грузия енген. Бір жыл ішінде елімізде «бармақ басты, көз қыстылық» деңгейі едәуір өзгергені байқалады. Еліміз Ресей, Украина және Әзірбайжан елінің алдын орап тұр. Ал жемқорлығы аз елдер ретінде әлем бойынша Дания мен Жаңа Зеландия танылған. Биыл мамандар жемқорлықтың денсаулық сақтау саласына тигізген әсерін зерттеген.

Қазақстан ең алдымен пандемия кезінде халықтың әлеуметтік жағдайы мен бизнес саласына қаржылай қолдау көрсетті. Сондай-ақ, елде қиын кезеңге қарамастан біздің қоғамдық қор ұсынған кеңестерді қабылдады. Жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнаманы да өзгертті, – деді «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиян.
Графика-1:

Шығыс еуропа және орта азия:

Қазақстан - 38 балл

Сербия - 38 балл

Түркия - 40 балл

Черногория - 45 балл

Беларусь - 47 балл

Армения - 49 балл

Грузия - 56 балл

Графика-2:

Ресей - 30 балл

Украина - 33 балл

Әзірбайжан - 30 балл


Өзгелердің жаңалығы