Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Ресей теміржолшылары аталған кездесуде Батыс Қытай – Еуропа бағытындағы транзитті контейнерлік тасымалы көлемін арттыру жолдарын талқылады.
Сондай-ақ кездесу кезінде заманауи техникаларды пайдалану арқылы жолдарды жөндеу мен ұстап тұру, локомотив паркінің жағдайы, тасымалдарды басқару және өзге де мәселелер қаралды.
"Бұған дейінгі кездесулердің нәтижелері де талқыланды. Контейнерлік пойыздардың Илецкі-1 (ҚР) бастап Кинеляға дейін техникалық қауіпсіз қатынауына кепілдік орнатылса, бұл Орынбор станциясында техникалық тұру уақытын 90-нан 60 минутқа дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында Қарталы мемлекетаралық өткізіп беру станциясында контейнерлік пойыздарды өңдеу 300-ден 150 минутқа дейін қысқарды. Үлкен көлемдегі басқару шешімдері жедел жұмыс саласында да қабылданды. Осылайша, ООТЖ контейнерлік пойыздар қозғалысының бағыттық жылдамдығын арттыру үшін локомотив бригадаларының жұмыс учаскелері арттырылды", - делінген таратылған ақпаратта.
Жеделдетілген режимде құрамдар қозғалысының кестесі әзірленді. Жүзеге асырылған іс-шаралар Илецк – Кинель учаскесінде тәулігіне 1230 километрге дейін, ал Қарталы – Кинель учаскесінде – тәулігіне 1410 километрге дейін қолданыстағы нормативтік кестедегі орташа бағыттық жылдамдық кестесін арттыруға мүмкіндік берді.
«Пойыздар нақты кесте бойынша жүретін болса, онда бұл тасымал тиімділігінде көрініс табады. Біз бұл Қытай – Қазақстан – Ресей – Беларусь – Еуропа үлкен бағыты тұрақты дамуына бізге қатыстының барлығын жасаймыз», - деді басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов.