Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа теміржол желісі салынады

26 Шілде 2021, 13:48
3783
Бөлісу:
Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа теміржол желісі салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да контейнерлік транзиттік тасымалдарды дамыту туралы өткен брифингте ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов айтты.

Қазіргі Сарыағаш өткізу пунктінде жүктемені түсіруді қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен Өзбекстан арасында «Дарбаза-Мақтарал» жаңа теміржол желісін салу жоспарлануда. «Дарбаза-Мақтарал-Жизақ» немесе «Дарбаза-Өзбекстан» станциясы Сарыағаш өткізу пунктінің ағымдағы жүктемесін ескере отырып, жаңа өткізу пункті құрылмақ, - деді Тайжанов.

Ол атағандай, осы жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін 2 есе ұлғайтуға, жүктерді тасымалдау мерзімін 1,5 есе қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл жоба Орталық Азияның Еуропаға экспорттық-импорттық ағымын қабылдауға мүмкіндік береді, осылайша Қазақстанның халықаралық нарықтардағы ұстанымын нығайтады. Қазіргі уақытта Сарыағаш станциясы арқылы жүк тасымалдау шамамен 26 мың тоннаны құрайды, жаңа өткізу пунктінің құрылысын аяқтау қорытындысы бойынша Өзбекстанмен жүк тасымалдау шамамен 50 мың тоннаға дейін ұлғаяды деп болжануда, - деді Жәнібек Тайжанов.


Өзгелердің жаңалығы