Қазақстан мен Латвия астаналары арасындағы ынтымақтастық кеңейеді

2 Сәуір 2021, 15:33
1698
Бөлісу:
Қазақстан мен Латвия астаналары арасындағы ынтымақтастық кеңейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Латвиядағы елшісі Тимур Пірімбетов және Рига қаласы Думасының төрағасы Мартинс Стакис арасында онлайн-кездесу өтті, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.

Кездесуде екі елдің астаналары арасындағы экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, білім және ғылыми салалардағы ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқыланды. Ақпараттық технологиялар мен инновациялар, жасыл экономика, урбанизм, медицина және туризм саласындағы озық тәжірибелермен өзара әрекеттесу мен алмасуға ерекше назар аударылды, - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Латвия астаналары арасындағы ынтымақтастық кеңейеді

Іс-шараға қатысушылар Латвия астанасында Нұр-Сұлтан мен Рига арасындағы бауырлас қалалық қатынастардың орнатылуының 15 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар екі-бауырлас қалалары арасында байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.

Өзгелердің жаңалығы