Қазақстан мен Германия ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ынтымақтасады

16 Қазан 2021, 10:28
6696
Бөлісу:
Қазақстан мен Германия ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ынтымақтасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Германия ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және қылмыстың басқа да қауiптi түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Германия үкіметтері арасында ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және қылмыстың басқа да қауiптi түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Ұйымдасқан қылмыстың, заңсыз көші-қонның, сондай-ақ, терроризмнің және қылмыстың басқа да қауіпті түрлерінің алдын алу мен күресу саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейтін құжатқа Қазақстанның Елшісі Дәурен Кәріпов және Германияның Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Мигель Бергер қол қойды, - делінген хабарламада.

Келісім екі елдің үкіметтеріне есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстармен күресу бойынша мәліметтер алмасуға және әрекеттерді үйлестіруге, сондай-ақ, қылмыстық ұйымдардың адамдарды шекарадан заңсыз өткізу үшін жалған және жасанды құжаттар қолдануды қысқартуға бағытталған бірлескен тиімді шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы