Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және Париж келісімінің міндеттемелерінің орындалуы үшін Корея мен Қазақстанның ынтымақтастығы» дөңгелек үстелі барысында айтты.
Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева соңғы 20 жылда Қазақстанның экономикалық өсімі негізінен қазба байлықтар экспортына тәуелді болғанын айтады.
Қолданыстағы электр және жылу өндіру қуаты негізінен көмірге тәуелді, ол экономиканың барлық саладағы отынмен байланысты елдің жалпы шығарындыларының шамамен 80% құрайды.Париж келісіміне сәйкес елдер СО2 шығарындыларын қысқарту үшін жақын болашақта, 2030 жылға қарай Ұлттық анықталған жарналар (NDCs) деп аталатын жоспарларды дайындауға келісті, - деді Соловьева.
Сондай-ақ олар бес жыл сайын жиналып, осы міндеттемелерді жаңарту туралы есеп беретініне келісті.
Дегенмен, жаңа COP-26-ға сәйкес елдерді 2030 жылға қарай неғұрлым ауқымды мақсат қоюға шақырды. Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық стратегиясын тиімді іске асыру үшін жасыл экономика саласындағы озық тәжірибелер мен жоғары технологияларды меңгерген Корея Республикасымен тығыз өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасуды орнату және Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге қол жеткізу міндеті тұр. Ол Париж келісімі аясында жүзеге асырылады, - деді Айгүл Соловьева.
Оқи отырыңыз: