Қазақстан кәсіпкерлері енді Amazon-да сауда жасай алады

24 Мамыр 2021, 20:48
2525
Бөлісу:
Қазақстан кәсіпкерлері енді Amazon-да сауда жасай алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан кәсіпкерлері Amazon-да сауда жасау құқығына ие болғанын хабарлады.

Біз өткен жылдың қараша айында басталған Amazon-мен келіссөздерді аяқтадық. Сонымен 20 мамырдан бастап біздің еліміз әлемдегі ең ірі электрондық коммерция платформаларының бірінде сауда жасауға «рұқсаты бар» тізіміне енгізілді, – деп жазды министр өз парақшасында. 

Ол Орталық Азиядағы көршілерімізге де «бізбен бірге рұқсат алып» үлгергені жағымды бонус болғанын атап өтті.

Қазақстан кәсіпкерлері енді Amazon-да сауда жасай алады


 

Біз өз кәсіпорындарымызға, әсіресе шағын және орта бизнесті тек өндірісте ғана емес, сонымен бірге болашақта біртұтас ОРТАЛЫҚ АЗИЯ бренді ретінде аймақ өнімдерін бірлесіп жылжытуға көмектесуге деген ниетімізді басшылыққа алдық. Бұл біздің елдеріміздің басшылығының жоғары деңгейінде осы жылдары қарқынды өтіп жатқан кездесулер уағдаластығы рухында, – деді ол. 

Біздің кәсіпкерлер үшін Amazon-ға кірудің басты мәселесі рұқсат етілген елдердің «бөлігі» болу қажеттілігі болды.

Яғни осы елдерде сайтта барлық операцияны жүргізу үшін заңды тұлға ретінде тіркеліп, банктік шот ашу болды. Бірақ қазір біз бұл қиындықтарды еңсердік. Қазақстандық кәсіпкерлер төлемді тікелей қазақстандық банктер арқылы алып, өз еліміздің атынан сауда жасай алу мүмкіндігі бар – Қазақстанды енді сатушы елдердің тізімінен табуға болады, – деді Бақыт Сұлтанов. 

Министр біздің ел үшін бұл өте маңызды екенін атап өтті. 

Қазақстан кәсіпкерлері енді Amazon-да сауда жасай алады


 

 

Өйткені Amazon - ең танымал сайттардың бірі. Платформада әлемнің 200-ден астам елі мен жүздеген млн белсенді клиенттері бар. Оның үстіне, 188 елдің сатушылары тіркелген. Amazon шағын және орта бизнеске жол ашқаны өте маңызды - барлық бөлшек сауда орындарының 60%-ы 1,9 млн шағын және орта бизнесті құрайды. Өткен жылы Amazon-ның таза сатылымы 386,1 млрд долларды құрады. Мен біздің командамызды қазақстандық тауарларды экспорттау үшін электрондық коммерция мен көкжиектерді кеңейту бойынша кезекті табысты қадаммен құттықтаймын. Барлық кәсіпкерімізге табысты сауда-саттық тілеймін!, – деді министр. 


 

Өзгелердің жаңалығы