Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай болады?

9 Желтоқсан 2020, 08:55
1249
Бөлісу:
Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 желтоқсан, сәрсенбі күні республиканың бес қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 9 желтоқсанда Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады.

Республиканың өзге шаһарларында ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы