Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай?

26 Қараша 2020, 08:45
1234
Бөлісу:
Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай?


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 қараша, бейсенбі күні республиканың 6 қаласында ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің бірнеше қаласында – Атырау, Талдықорған, Павлодар, Өскемен, Шымкент және Нұр-Сұлтанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 


Өзгелердің жаңалығы