Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?

7 Желтоқсан 2020, 08:40
1716
Бөлісу:
Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 желтоқсан, дүйсенбі күні еліміздің 10 қаласында ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен, Шымкент және түнде Көкшетауда қолайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы