Қазақстан газ қоры бойынша 22-орында тұр

6 Тамыз 2021, 13:07
14024
Бөлісу:
Қазақстан газ қоры бойынша 22-орында тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев айтты.

Қазір Қазақстанның газ саласы – отандық экономикада қарқынды өсіп келе жатқан салалардың бірі. Газ өндіру өсіп, газ құбырларының желісі кеңейіп келеді. Газ қорлары бойынша Қазақстан әлемде 22-ші және ТМД-да Ресей мен Түрікменстаннан кейінгі 3-орында тұр, - деді Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев.

Ол атағандай, қор бойынша мемлекеттік комиссия 3,8 трлн м3 газдың қорын бекітті.

Барланған газ қорларының шамамен 98%-ы Қазақстанның батысында, бұл ретте 87% - ірі мұнай-газ және мұнай-газ конденсаттық кен орындарында шоғырланған. Республикада өндірілетін газдың құрылымы негізінен ілеспе мұнай газы болып табылады Қазақстанның табиғи газ және газ конденсаттық кен орындарына Амангелді және Шағырлы-Шөмішті кен орындары жатады. Осылайша, Қазақстандағы газ өндірудің 90%-ын Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз және Жаңажол жобалары қамтамасыз етеді, - деді ол.

Жалпы республика бойынша 79 газ өндіруші компания бар, оның ішінде шамамен 23 компания газды ішкі нарықты және экспорттың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ транспорттық жүйеге өткізеді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша республикадағы мұнай-газ өндіруші компаниялардың газ өндіруі 55,1 млрд м3-ді құрады, бұл 1991 жылғы газ өндіру деңгейінен 7 есеге жоғары. Бұл ретте, өндірілген ілеспе мұнай газының шамамен 17,3 млрд м3 қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қабатқа кері айдалған, 10,1 млрд м3 жер қойнауын пайдаланушылардың өзіндік технологиялық қажеттіліктеріне, электр энергиясының өндірісіне және кәдеге жаратылған, - деді Қарағаев.

Өзгелердің жаңалығы