Қазақстан ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысты

28 Қараша 2021, 11:43
1046
Бөлісу:
Қазақстан ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркіменстанның төрағалығымен Ашхабад қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 15 саммиті қарсаңында өткен ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 25-ші отырысына қатысты. 

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының және ЭЫҰ мамандандырылған агенттіктерінің басшылары қатысты.

Министрлер алдағы ЭЫҰ мүше-мемлекеттері басшыларының отырысында қабылдауға жоспарланып жатқан ЭЫҰ саммиті күн тәртібінің және Іс-қимылдар жөніндегі Ашхабад консенсусының (Ашхабад декларациясы) жобаларын келісті.

Кеңес ЭЫҰ Хатшылығының қызметі туралы Бас хатшының есебі мен 2021-2022 жылдарға арналған ЭЫҰ өңірлік жобалары бойынша ұсынымдарын тыңдады, ЭЫҰ Хатшылығының 2022 жылға арналған бюджеті мақұлдап, ЭЫҰ-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы өзектендірді.

Сонымен қатар, отырыста ЭЫҰ сыйлығына үміткерлердің кандидатуралары бекітілді. Тарих, мәдениет, әдебиет және өнер санатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Ұлттық музейдің физикалық антропология зертханасының басшысы Оразақ Исмағұловтың кандидатурасы бекітілді.

СІМК отырысының қорытындысы бойынша ЭЫҰ және ЭСКАТО арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Министрлік кездесу қарсаңында өткен ЭЫҰ бизнес-форумы аясында Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол дәлізі бойынша жүк тасымалын ұлғайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды.

Өзгелердің жаңалығы