Қазақстан әскерін геоақпараттық қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылады?

8 Қараша 2021, 11:48
1018
Бөлісу:
Қазақстан әскерін геоақпараттық қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылады?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кез келген операция сәтті өтуі үшін әскерлерге ұрыс кезінде жергілікті жер және ауа райының жағдайлары туралы толық ақпарат берілуі керек. Геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары полковник Шаяхмет Әшіров Қазақстан әскерін геоақпараттық қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылатынын айтып берді.
Негізі Департаментке Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жедел даярлығын топогеодезиялық, навигациялық және гидрометеорологиялық ақпараттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру міндеттері жүктелген.Осы міндеттер аясында Департамент әскерлері жер туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, топографиялық, теңіздік, арнайы мақсаттағы және де қаланың жоспарларын басып шығаруын және қамтамасыз ету, астрономогеодезиялық деректермен қамтамасыз ету міндеттерін орындайды, – деді Әшіров.
Ол атағандай, гидрометриялық қамтамасыз ету мақсатында басқару органдарын гидрометрия ақпараттарымен қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.
Бүгінгі күні әскери топографтар құралдарының орнына заманауи жерсеріктік жоғары санаттағы геодезиялық аспаптар келіп түсіп жатыр. Сол аспаптарды қолдану арқылы әскерлерді жер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету міндеттерін әскери топографтар орындай алады. Және де бұдан басқа әскери топографтардың жабдықтарында цифрлы мобильді кешен де бар, бұл мобильді кешендер кез келген өзінің міндеттерін, біздің Қазақстанның әр аумағында мүлтіксіз орындауға мүмкіндік береді, – деді ол.
Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы өткен жылы Қорғаныс министрлігінің алқасында геоақпараттық технологияларды және одан да басқа технологияларды дамыту жөнінде нұсқау берген болатын.

Осы орайда біз ТМД-дағы әріптестерімізден қалыс қалып отырғанымыз жоқ. Геоақпараттық технологияларды енгізу бағытында біз қазір көптеген перспективалық бағыттарды игеріп жатырмыз, оның бірі – бұл виртуальдық технологиялар. Бұл технологияларды игеру үшін қазір біз Ұлттық қорғаныс университетімен көптеген жобалар игеріп жатырмыз. Соның бірі – Ұлттық қорғаныс университетінің технопаркінің базасында осындай технологияларды зерттеу үшін зертхана ашу, – деді ол.
Әшіров атағандай, биыл «Отпантау» оқу-жаттығуында Қарулы Күштер тарихында алғаш рет біз жергілікті жердің 3Д моделін және әскерлердің жауынгерлік іс-қимылдарын көрсету үшін цифрлық голографиялық технологияларды қолданылды.
Бұл голографиялық макет технологиясы графикалық деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютерден, проекциялық жабдықтардан, 3D көзілдіріктерден және ақпаратты көрсететін жұмыс аймағынан тұрады. Бұндай технологиялар барлық дәрежедегі командирлерге жер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бере отырып, жердің тактикалық қасиеттерін егжей-тегжейлі зерделеу және бағалау арқылы олар қабылдайтын шешімдердің жеделдігі мен тиімділігін арттырады, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы