Қазақстан адам саудасы жөніндегі баяндама тізімінде бақылауда тұр – АҚШ консулдығы

18 Наурыз 2021, 11:50
2287
Бөлісу:
Қазақстан адам саудасы жөніндегі баяндама тізімінде бақылауда тұр – АҚШ консулдығы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Қазақстан азаматтары үшін елшіліктің шағын гранттар бағдарламасын таныстырды. 

Аталған бағдарлама қазақстандық ҮЕҰ-ға бағытталған. Елшілік қызметкерлері бұл бағдарлама аясында әр жыл сайын белгілі бір тақырыптарды көтеріп отыратындарын айтады. 

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының Баспасөз, мәдениет және білім мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ананд Кришна бұл бағдарлама екі арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі деген ойда. Сонымен қатар ол биыл Қазақстан үшін өзекті үш тақырыпқа басымдық бергендерін жеткізді.

Бірінші тақырып – адам саудасымен күрес. Бұл тақырып жайдан-жай таңдалған жоқ. Өйткені Қазақстан екі жылдан бері адам саудасы жөнінедегі баяндама тізімінде бақылауда тұр. Бұл үкімет пен азаматтық қоғамның бұған қарсы күресті күшейтуін қажет етеді. Екінші тақырып – ауа сапасы мәселесін шешу. Қазақстандағы ауа сапасының нашарлауы ел экономикасына, денсаулық сақтау саласына және қоғам үшін үлкен мәселе тудырып отырғаны белгілі. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы әлем бойынша ауасы лас қалалалар қатарында. Сондықтан ауа сапасын жақсарту бүгінгі таңда өзекті тақырыптың бірі,-дейді ол.

Сонымен қатар ол үшінші тақырып ретінде баламалы энергия көздерін пайдалануды атады.

Климаттың өзгеруі бұл адамзаттың ортақ проблемасы. Сондықтан елдер жершарындағы климатты тұрақтандыру үшін табиғи отынды пайдалауды  азайтып, одан бас тартуы керек. Біз бағдарламаға қатысатындарға осы тақырыптар бойынша тапсырмалар беріп, оның шешімін және мақсатты аудиторияны көрсеттік. Сіздерге бұл тақырыптың барлығын қамту міндетті емес, тек ішіндегі бір пунктті таңдап, сонымен шындап жұмыс істесеңіздер болды,-дейді Ананд Кришна. 

Шағын грантқа қатысушылар осы айтылған тақырыптарды кеңінен зерттеп, қоғамды құлақтандырып отыруы керек.


Өзгелердің жаңалығы